Түркияның Фетхие қаласында ажырасу процесі жүріп жатқан жігіт әйелінің ата-анасын және араға түспек болған көршісін тапаншамен атып өлтіріп, тағы екі кісіні жаралаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
41 жастағы Өзжан Айбей туралы бұл хабар hurriyet.com.tr сайтында жарияланды. Әйелінің ата-анасының үйіне барған ашулы жігіт 53 жастағы қайын атасы Шүкрү Айсуды және 52 жастағы қайын енесі Адиле Айсуды тапаншамен атып өлтірген. Жанжалға мылтықпен араласқан көршісі Мұхаммет Акбабаны да атып кеткен. Мұнымен қоймай Есат Улу мен Сердар Генчті де жаралап үлгерген.
Оқиға кеше, 29 маусым күні таңғы сағат 7-де болған. Қайтыс болған үш адамның жаназасы бүгін өтті. Ал оқиға орнынан көлігімен қашып кеткен күдіктіні түнде сағат 2-де полиция қызметкерлері ұстаған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!