Түркия Парламентінің спикері Нуман Куртулмуш тұрғындарды жақындап қалған жер сілкінісіне дайын болуға үндеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Ол қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы хабар түспегенін айтты.
"Біз бұл күшті жер сілкінісін салдарсыз еңсереміз деп үміттенеміз және халқымыз тағы бір үлкен қатерді артта қалдырады деп сенеміз. Алайда, болжанып отырған Стамбұл жер сілкінісі қазірдің өзінде табалдырықта тұрған сияқты. Бүкіл халқымыз, барлық мекемелер мен ұйымдар дайын болып, ықтимал жер сілкінісін ең аз шығынмен өткізуге тырысуы қажет", – деді Түркия Парламентінің спикері.
Стамбулдағы күшті жер сілкінісі
Еске сала кетейік, Стамбулда күшті жер сілкінісі 23 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша 12:49-да болды. Түркияның төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісі Стамбул, Текирдаг, Ялова, Бурса және Баликесир провинцияларында сезілді. Қаза тапқандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет