Түркияда көшеде әлдекімдер Қазақстан азаматын атып кеткен

Түркияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматын көшеде белгісіз біреу атып кеткен. Полиция екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Haberler.com-ға сілтеме жасап.

Оқиға кеше сағат 16:30 шамасында болған.

"Белгісіз адам жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматы Ариф Исмаиловқа оқ жаудырды. Ауыр жарақат алған Исмаилов ауруханада көз жұмды", - деп жазылған мәліметте.

Ыстамбұл полициясы алдымен күдіктілердің көлігін, кейін дрон көмегімен олардың өзін тапқан. Күдіктілер - Грузия азаматтары. Мәліметке сүйенсек, олар шетелге қашпақ болған. Қылмыстың себебі белгісіз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!