Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Түркияда Қазақстанның қанша азаматы болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, Түркияда 75 мың қазақстандық болуы мүмкін. Түркияда консулдық есепте Қазақстанның 968 азаматы тұр. Анкарада - 498, Стамбулда - 45, Антальяда - 189. Сонымен бірге кейінгі мәліметтер бойынша Түркияда 8 219 қазақстандық студент оқиды.
Сонымен бірге Айбек Смадияров Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағымен елге Қазақстанның 16 азаматы қайтқысы келетінін айтты.
"Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 18 адам, оның ішінде Қазақстанның 16 және Қырғызстанның екі азаматы елге қайтқысы келеді. Борт Астанаға келеді деп күтіп отырмыз. Ұшу уақыты қосымша хабарланады. ТЖМ борты белгілі бір кесте бойынша ұшпайды. Біз өз азаматтарымызды барынша жинауға тырысамыз. Бұл - ИЛ-76 ұшағы. Орын жеткілікті. Біз хабарладық, қазір Газиантеп қаласының әуежайында оларды жинап жатырмыз", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!