Түркияда қазақстандықтар отырған автобус жол апатына түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі muglagazetesi.com сайтына сілтеме жасап.
Микроавтобустың ішінде ресейлік және қазақстандық туристер отырған. Оқиға Милас қаласындағы Мугла ауданында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 13 турист жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Жол апаты туралы ақпарат таңғы 07.00 шамасында түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем, полиция мен өртсөндірушілер бригадасы келген.
Қазіргі таңда полиция бұл дерекке қатысты тергеу жүргізуді бастады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!