Түркияда қазақстандықтар отырған автобус жол апатына түсті. Микроавтобустың ішінде ресейлік және қазақстандық туристер отырған. Оқиға Милас қаласындағы Мугла ауданында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жолаушылардың арасында Қазақстанның төрт азаматы болғанын растады.
"Түркияда шетелдік туристерді тасымалдаған шағын автобустың қатысуымен жол апаты орын алды. Жолаушылардың арасында 4 қазақстандық болды. ҚР консулының ақпаратына сәйкес, отандастарымыз аман-есен, медициналық көмек қажет етпейді. Қазіргі уақытта олар өз қонақүйінде", - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!