Түркияда Қазақстан азаматы қаза тапты

Түркияда Қазақстан азаматы қаза тапты. Сыртқы істер министрлігі өкілі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 15 маусымда Анталияда болған жол апаты салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапқан.

"Қазақстанның Анталиядағы Бас консулдығы құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп, жергілікті органдарымен өзара іс-қимыл жасап, консулдық-құқықтық жәрдем көрсетті. Қаза тапқан азаматтың сүйегі 17 маусымда Қазақстанға жеткізілді. Репатриация жұмыс берушінің және серіктес ұйымдардың қаржылай қолдауымен ұйымдастырылды", - деп жазылған хабарламада.

Жағдай Бас консулдықтың бақылауында. Қазақстан дипломаттары бұл мәселе бойынша құзыретті органдармен өзара іс-қимылды жалғастырып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!