Түркияда Қазақстан азаматы қаза тапты. Сыртқы істер министрлігі өкілі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 15 маусымда Анталияда болған жол апаты салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапқан.
"Қазақстанның Анталиядағы Бас консулдығы құжаттарды ресімдеуге көмектесіп, жергілікті органдарымен өзара іс-қимыл жасап, консулдық-құқықтық жәрдем көрсетті. Қаза тапқан азаматтың сүйегі 17 маусымнда Қазақстанға жеткізілді. Репатриация жұмыс берушінің және серіктес ұйымдардың қаржылай қолдауымен ұйымдастырылды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл мәселе Бас консулдықтың бақылауында. ҚР дипломаттары бұл мәселе бойынша құзыретті органдармен өзара іс-қимылды жалғастырып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова