- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркияда жойқын зілзала...
Түркияда жойқын зілзала болды: қаза тапқандар бар
Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі DW порталына сілтеме жасап.
АҚШ Геологиялық қызметі 7,8 балдық жер сілкінісінің 6 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады. Түрік сейсмологтары жер сілкінісінің күшін 7,4 балл деп бағалады.
Жерасты дүмпулері ел астанасы Анкара мен Түркияның басқа қалаларында, сондай-ақ, Сирия мен Ливан сияқты елдің бірнеше аймағында сезілді.
Urfa’daki depremden görüntüler. Maalesef çok kötü bir sabaha uyandık.#DEPREMOLDU pic.twitter.com/ttizkdzsFs
— Cansu (@cns__dmr__) February 6, 2023
Жер асты дүмпулері Түркияның оңтүстігі мен орталығында сезілді. Негізгі жер сілкінісінен шамамен 11 минут өткен соң, магнитудасы 6,7 болатын жер сілкінісі эпицентрінен солтүстік-батысқа қарай 32 шақырымдай жерде болды. Содан кейін, негізгі жер сілкінісінен 19 минут өткен соң, магнитудасы 5,6 болатын тағы бір дүмпу болды.
#sondakika Depremden sonra ilk görüntüler gelmeye başladı. Malatya'da Avşar otel yıkılmış durumda. pic.twitter.com/L5QmVFiLrr
— Meviza (@mevizamedya) February 6, 2023
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода қирап қалған ондаған ғимарат көрінеді. Жергілікті билік өкілдері Османие провинциясында 5 адам, Санлыурфакс провинциясында 10 адам қаза тапқанын хабарлады.
DEPREMDEN KESİTLER pic.twitter.com/7uTRrKgPak
— HAKAN BÜLENT YARDIMCI (@HakanBYardimci) February 6, 2023
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Twitter парақшасында жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға дереу іздеу-құтқару топтары жіберілгенін жазды.
Depremden etkilenen bölgelere arama kurtarma ekiplerimiz ivedilikle sevk edilmiştir. İçişleri ve Sağlık Bakanlığımız, AFAD, Valiliklerimiz ve diğer tüm kurumlarımız çalışmalarına hızla başlamıştır.
— Recep Tayyip Erdoğan (@RTErdogan) February 6, 2023
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек