- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркияда жойқын жер...
Түркияда жойқын жер сілкінісі болды
Түркияда жойқын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 6-ға жеткен жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:46-да Малатия қаласынан шығысқа қарай 44 шақырым жерде болған. Жер сілкінісінің ошағы шамамен он шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат әлі түскен жоқ.
Бұдан кейін сейсмологтар 20-дан аса жер дүмпулерін тіркеді.
Түркияның Табиғи апаттарды басқару басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,9 болды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жерасты дүмпулерін Малатия, Диярбакыр және Элязыг провинцияларындағылар сезген.
Geçmiş olsun MALATYA
— Birol Bey (@BirolBey12) October 16, 2024
Malatya'da deprem sırasında vatandaşların sokağa döküldüğü anlar. pic.twitter.com/fD6wBiEPQH
Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликай X әлеуметтік желіде сарапшылардың шығынды бағалауға кіріскенін айтты.
Еске салайық, 2023 жылғы 6 ақпанда Түркия тарихындағы ең жойқын жер сілкінісі болып, 55 мыңнан астам адам қаза тапқан еді. Малатия табиғи апаттан ең көп зардап шеккен провинциялардың бірі болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек