Түркиядағы жол апатынан кейін ауруханаға жатқызылып, ота жасалған қазақстандық турист қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.
"Аланияда жол апатынан зардап шеккен жолаушылардың бірі ауыр жарақат салдарынан бүгін таңертең ауруханада қайтыс болды. Марқұмның ұлы бүгін Антальяға келді, қазір біздің дипломаттармен бірге. Оған барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр", - деді Смадияров.
Осыған дейін Сыртқы істер министрлігі Түркияда апатқа ұшыраған қазақстандық туристердің жағдайы туралы айтқан болатын.
Кейін түрік ақпарат құралдары Қазақстаннан келген туристер отырған шағын автобустың апатқа ұшыраған сәтінің видеосын жариялады.
Еске сала кетейік, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Аланияда қазақстандық туристер отырған шағын автобус пен жүк көлігінің жол апаты болғанын растады.
"Соқтығыс салдарынан зардап шеккендер бар. Алдын ала мәлімет бойынша, автобуста Қазақстан азаматтары болған. Барлық мән-жай мен қандастарымыздың жағдайын анықтау үшін консул дереу осы өңірге аттанды", - деді Смадияров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!