Euronews редакциясы Түркияда жойқын жер сілкінісі болған аймаққа барып, жергілікті тұрғындардың қазіргі жағдайы туралы баяндаған. Солардың бірі зілзала кезінде отбасынан айырылған Касым Гюндуздың оқиғасы жұртты жылатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алланың атын бес рет айтып үлгермедік. Үй қирап, бәрі қирап, төмен қарай құлай бастадық. Ұлым Хикметті бірнеше рет шақырғанымда жауап берді. Сабыр сақта дедім. Әйелім Шефиканы "раушаным, раушаным" деп шақырдым. Қайтадан шақырдым, бірақ ешкім үндемеді. Ешкімнің басына салмасын. 52 жыл бірге өмір сүрдік. Кенже ұлымыз 42 жаста еді", - дейді қария.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!