Түркияның батысында жексенбі кешке жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Сағат 19:44-те (жергілікті уақыт - еск.) Ыстамбұлдың батысында сілкініс 20–30 секунд сезілді: пәтерлерде шамдар тербеліп, әйнектер дірілдеген. Жергілікті тұрғындар арасында үрей байқалмады.
Смартфон қосымшалары дүмпулер басталардан бірнеше секунд бұрын ескерту жіберген.
Төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасының сейсмологтары жер сілкінісінің магнитудасын 3,7 деп бағалады, эпицентрі Қара теңізде, Ыстамбұл әуежайының маңында болған. Ошақ тереңдігі - 13 шақырым.
Кандилли обсерваториясының сейсмологтары магнитуданы 3,9 деп көрсетті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!