Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркияда қаза тапқан Қазақстан азаматына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 31 наурызда Ыстамбұл қаласының Фатих ауданында болған. Министрлік оқиғадан хабардар.
"Қазір Түркия Республикасының құзыретті органдары тергеу жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасының Ыстамбұлдағы Бас консулдығы марқұмның туыстарына көмектесіп жатыр. Мәселе бақылауда", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, Түркияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматын көшеде белгісіз біреу атып кеткен. Полиция екі күдіктіні ұстады.
Ыстамбұл полициясы алдымен күдіктілердің көлігін, кейін дрон көмегімен олардың өзін тапқан. Күдіктілер - Грузия азаматтары. Мәліметке сүйенсек, олар шетелге қашпақ болған. Қылмыстың себебі белгісіз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова