Түркияның Балыкесир қаласында жолаушылар автобусы аударылды. Жол апатынан үш адам қаза тауып, тағы 31 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Oxu.Az мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған.
Жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Олардың бірінің жағдайы ауыр.
Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz