Түркияда кейінгі екі аптада коронавирус жұқтырғандар саны бес есе өсті. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа 50 жастан асқан азаматтарды вакцинаның тағы бір дозасын алуға шақырды, - деп хабарлайды MK.ru сайты.
27 маусым мен 3 шілде аралығында вирус жұқтырғандар саны өткен аптамен салыстырғанда 114 пайызға өсті.
"Кейінгі екі аптадағы өсім бес есеге көбейді", - деп хабарлайды NTV.
Коджа індеттің әлеммен қатар Түркияда да өсуіне назар аударды.
"50 жастан асқан адамдарға және тәуекел тобына жататын адамдарға соңғы вакцинадан 6 ай өткен болса, тағы бір дозасын алуды ұсынамын", - деді Түркияның Денсаулық сақтау министрі.