Түркия вице-президенті Фуат Октай 2023 жылдың бюджетіне қатысты отырыс барысында ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның жалақысы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі CentralAsia басылымына сілтеме жасап.
"2022 жылға арналған бюджетте біздің президенттің таза жалақысы небәрі 66 445 түрік лирасы (шамамен 1 675 570 теңге)", - деді Фуат Октай.
Айта кетейік, 2023 жылдың маусымында Түркияда президенттік және парламенттік сайлаулар өтеді. 2003 жылдан бері билікте отырған Ердоған соңғы рет президенттік сайлауға қатысатынын, содан кейін билік тізгінін "жастарға" тапсыратынын меңзеген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!