Түркия парламентінде депутаттар төбелесіп қалды

Түркия парламентінде депутаттар төбелесіп қалды
Фото: Видео кадры

Түркия парламентінде 2026 жылға арналған бюджетті талқылау аяқталғаннан кейін депутаттар арасында жанжал шығып, оның аяғы төбелеске ұласты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Haberler басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, шиеленіс талқылау аяқталысымен күшейген. Дау Республикалық халық партиясы (CHP) фракциясы төрағасының орынбасары Мұрат Эмир мен Әділет және даму партиясының (AKP) Бурса өңірінен сайланған депутаты Мұстафа Варанк арасында басталған. Жанжалға AKP мен CHP-нің өзге депутаттары да араласқан.

Жанжалды парламенттің басқа мүшелері араласып, әрең тоқтатты.

Соған қарамастан, орталық үкіметтің 2026 жылғы бюджеті туралы заң жобасы және 2024 жылғы орталық үкіметтің қорытынды есептері жөніндегі заң жобасы қабылданған: 320 депутат "қолдап", 249 депутат "қарсы" дауыс берген.

Бұған дейін Сербия парламентінде де депутаттар дау-дамайды күш қолдану арқылы шешіп, тіпті фаерлер қолданылғандықтан, залды түтін басқаны хабарланған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget