Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46 мыңға жақындағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі TRT-ға сілтеме жасап.
"Құрбан болғандар саны 45 968-ге дейін жетті. Оның 4267-сі - Сирия азаматтары", - деді түрік министрі.
Ол алғашқы жер сілкінісінен бері 13 мыңнан аса қайталама дүмпу болғанын айтты.
Министрдің сөзінше, 26 300 ғимарат опырылған, бұл ғимараттардың барлығында дерлік іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілген.
Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. 45 мыңнан аса адам осы апаттың құрбаны болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!