Түркия қазақстандықтардың емделуі үшін елге кіруіне рұқсат берді

Түркия қазақстандықтардың емделуі үшін елге кіруіне рұқсат берді

20 мамырдан бастап Қазақстан азаматтары Түркияның медицина мекемелерінде емделе алады. Елге кіру үшін коронавирусқа тапсырған тест теріс нәтиже көрсеткен сертификат болуы керек. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.

Түркия 20 мамырдан бастап Қазақстаннан өзге 30 елдің азаматына шекарасын ашады. Оның ішінде Ирак, Ливия, Әзірбайжан, Грекия, Ресей, Украина, Өзбекстан, Грузия, Түрікменстан, Молдова, Қырғызстан, Джибути, Катар, Германия, Ұлыбритания және Нидерланды бар. 

Науқастар қолдана алатын қызметтер мынадай: ортопедия, травматология, жалпы хирургия, балалар хирургиясы, урология, көз аурулары, кардиология, онкология, нейрохирургия, гематология, репродуктивті терапия, мүшелер мен сүйек кемігін трансплантациялау.

Massaget