Түркия халқы ерекше көріністі видеоға түсіріп алды

Түркиядағы бірқатар елді мекен тұрғындары, соның ішінде Ыстамбұл халқы, сенбіге қараған түні аспанда метеориттің құлағанын көрді. Бұл туралы республиканың Ғарыш агенттігі хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Түркияның Ғарыш агенттігі мәліметінше, "сол түні аспанда метеориттің құлаған көрінісі көпшілікті таңғалдырған. Ол Түркияның әртүрлі бөлігінен көрінді".

Желіде ғарыштық дененің құлағаны туралы көптеген видео пайда болды. Метеорит Түркияның солтүстігіндегі Стамбул, Бурса және басқа да қалаларда түсірілген.

Еске салайық, былтыр қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысында үлкен метеорит құлады. Объект жасыл түсті жарық шығарып, із қалдырған болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз