Анкара Донецк және Луганск халық республикаларының, сондай-ақ, Херсон және Запорожье облыстарының Ресейге қосылуын мойындаудан бас тартады. Мұндай мәлімдеме Қырымға да қатысты болған. Бұл туралы Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу мәлімдеді, - деп хабарлайды tass.ru.
"Біз Ресей Федерациясына Қырымды аннексиялауды мойындамайтынымызды мәлімдедік және тағы мәлімдейміз. Украина аумағында өтетін референдумдардың нәтижелерін мойындамаймыз. Біз бұған қатысты алаңдап отырмыз және ұстанымымызды білдірдік", - деді министр.
Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен әлем Донецк және Луганск халық республикаларын, сондай-ақ, Ресейдің Херсон және Запорожье облыстарын ешқашан мойындамайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, Германия басшысы Олаф Шольц, Франция президенті Эммануэль Макарон және басқа да Батыс лидерлері осындай пікір білдірген еді.
Еске салайық, бұған дейін ҚР СІМ Қазақстанның Ресейге ЛХР, ДХР квазимемлекеттік аумақтарының, сондай-ақ Украинаның Запорожье және Херсон облыстарының қосылуы туралы референдумға қатысты ұстанымын жариялаған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!