Түркия астанасы Анкарада 26 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, қаза тапқандар бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Cumhuriyet басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өрт салдарынан үш адам қаза тапты, оның ішінде сәби де бар. Тағы 20 адам түтінге уланып, ауруханаға жеткізілген.
"Өрт Чанкая ауданындағы екі биік ғимараттан тұратын тұрғын кешеннің біріндегі пәтерде шамамен сағат 22:00-де тұтанған. 24 қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтерден от шығып, жалын әп-сәтте бүкіл бөлмені шарпыған. Қалың түтін бүкіл ғимаратты басып қалған. Өрттің себебі әзірге белгісіз", – делінген хабарламада.
Оқиға орнына өртсөндірушілер, полиция, төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем бригадалары келген.
Қатты түтіннің салдарынан тұрғындарға уақытша ғимаратқа кіруге тыйым салынды. Өртсөндірушілер түтінді сыртқа шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қазір өрттің шығу себебін анықтау үшін прокуратура тергеу бастады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек