Түркия аспанындағы ерекше бұлт жер сілкінісінің белгісі болғаны рас па?

Әлеуметтік желі қолданушылары Түркияда кейінгі аптада аспанда пайда болған ерекше пішінді бұлттың суретін таратып жатыр. Жазба авторының пікірінше, бұл 2023 жылғы 6 ақпандағы жер сілкінісінің хабаршысы болуы мүмкін. Алайда бұл дәлелденбеген, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Басылым мәліметінше, шын мәнінде, суретте көрсетілген бұлт Түркияда 2023 жылғы 19 қаңтарда байқалған.
Бұл - линза тәрізді немесе лентикулярлық бұлт. Ол ауа толқындарының қатпарларында пайда болды. Бұлт Түркияның Бұрса қаласында қалыптасқан, онда ауа температурасы бір күн бұрын 26 градусқа дейін көтерілген.
Әдетте, мұндай бұлттар - жер сілкінісінің емес, жауын-шашын болатынының белгісі. Мысалы, бұған дейін Ресей мен АҚШ тұрғындары лентикуляр бұлттар туралы хабарлаған, бірақ одан кейін жер сілкінісі болған жоқ.

Сонымен қатар, бұған дейін ерекше бұлтты Бұрса тұрғындары байқаған. Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, бұл қала елдің жер сілкінісі болмаған бөлігінде орналасқан.

Демек, 2023 жылғы 19 қаңтарда лентикуляр бұлттың пайда болуы 5-6 ақпанға қараған түні басталған жер сілкінісіне ешқандай қатысы жоқ. Бұл - кездейсоқ болған жағдайлар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!