2023 жылдың 11-13 желтоқсан күндері этникалық музыка әлемінің үздік өнерпаздарының басын қосқан "Kóshpendiler áýeni" халықаралық этникалық музыка фестивалі өтеді. ФестивальҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының ұйымдастыруымен алғаш рет жүзеге аспақшы. Фестиваль қатысушылары - Роза Аманова (Қырғыз Республикасы), Ферияль Башель,Альпер Кырач, Арсланбек Сұлтанбеков,(Түркия), Гүлнар Алламбергенова (Өзбекстан, Қарақалпақстан), Айсен Деллохов (Саха Республикасы) сынды әлем сахналарында жоғары дәрежелі өнер көрсетіп, қалың көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп жүрген айтулы өнер майталмандары.
Іс-шараның мақсаты - тарихы тереңнен бастау алатын түркі мәдениеті мен өнерін дәріптеу, біртұтас этникалық шығармашылық орта құру, этникалық музыкаға қызығушылардың санын арттыру.
Этникалық музыка - ұлттың тарихы мен мәдениеті, өнері мен салт-дәстүрін атадан - балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізушіөнер. Түркі жұртына ортақ мәденимұраны, түркі халықтарының бірлігі мен руханиятын ұлықтауға бағытталған фестиваль бұрыңғының бейнесін жаңғыртып, этникалық музыканы өскелең ұрпақ арасында танымал етуге ықпал етеді.
"Kóshpendiler áýeni"этникалық музыка фестивалі аясындаалқалы әлеуметке дәстүрлі өнерімізді дәріптеп, алты құрлыққа паш етіп жүрген белгілі жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, "Халық қазынасы" ұлттық өнер орталығының солисі Елмұра Жаңаберген сахнадағы 35 жылдық мерейтойына орай 13 желтоқсан 19:00-де "Дүрлердің дүбірінен жеткен дауыс" атты шығармашылық кеші өтеді. Концертке "Халық қазынасы" ұлттық өнер орталығының әртістері, "Астана сазы" қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі және фестивальге қатысушылар мен жыршы, әнші, күйші, Берік Жүсіпов, Салтанат Ерсұлтан, Асқар Мұқият, "HasSak" этно-фольклорлық тобы, ҚР МКҚ Президент оркестрі, "Астана сазы" қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі және Е. Жаңабергеннің шәкірттері Н.Ерталап, Н.Октябрь, А.Манас қатысады.
Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали: "Kóshpendiler áýeni" фестивалі – бауырлас елді мекеннен келген өнерпаздарды бір сахнаға жинаған ауқымды шара. Әлем өркениетінде түркі тектес халықтың рухани мұрасын, бай мәдени құндылықтарының маңыздылығын көрсетеді. Бабаларүнін, дәстүрін, өнерін, өмір сүру салтын бейнелейтін этникалық өнер кеңінен танылуы тиіс", - деп атап өтті.
Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының баспасөз қызметі ұсынған материал
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!