- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркі мемлекеттеріне ортақ...
Түркі мемлекеттеріне ортақ инвестициялық қор құрылатын болды
Түркі мемлекеттері ұйымының Анкарадағы кезектен тыс саммитінің қорытындысы бойынша Түркі инвестициялық қоры құрылатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
- Түркі мемлекеттері ұйымы кезектен тыс саммитінің Анкара декларациясы;
- Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау механизмін құру туралы шешім;
- Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім.
Еске салайық, бұған дейін биыл қазанда Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтетінін хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан