Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті алдында Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қарсы алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасы Президентінің Шуша ауданындағы арнаулы өкілдігінің ғимаратына келді.
"Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталады", - делінген хабарламада.
Саммит "Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру" тақырыбында өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз