Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті аяқталды: бірнеше құжатқа қол қойылды

Әзербайжан Республикасынада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті аяқталды. Мемлекеттер басшылары бірнеше құжатқа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорда мәліметінше, жиын соңында Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығын нығайту туралы мемлекеттер басшыларының шешіміне қол қойылды.

Сондай-ақ, маммит қорытындысы бойынша Қарабақ декларациясы қабылданғаны айтылды.

Жиын соңында түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысушылар суретке түсті.

Сурет: Ақорданың баспасөз қызметінен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз