- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркі мемлекеттері сын...
Түркі мемлекеттері сын сағатта ауызбіршілік пен жанашырлықтың озық үлгісін көрсетті - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде сөйлеген сөзінде бауырмал халықтардың ауызбіршілігі туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы түркі мемлекеттерінің мызғымас берік бірлігі туралы айтты.
"Түркі мемлекеттері сын сағатта ауызбіршілік пен жанашырлықтың озық үлгісін көрсетті. Осы бауырмалдығымыз нығая түссін. Әрдайым бір-бірімізге қамқор болып, ынтымағымыз жараса берсін!" - деді Тоқаев.
Президент қазақ халқындағы "асар" дәстүрін еске алды.
"Жойқын жер сілкінісі еліміздің азаматтарын да бей-жай қалдырмады. Біздің халқымыз бауырларымыздың басына түскен қиындықты бірге көтеруге атсалысты. Қазақта "асар" деген жақсы ұғым бар. Жұрт бірлесіп, мұқтаж жанға көмек қолын созады. Осы мақсатта Қазақстаннан Анадолы еліне көптеген еріктілер келіп, аянбай еңбек етті. Олар - ел басына ауыртпалық түскенде алғы шепте болатын шынайы патриот азаматтар, жаны таза адамдар. Еріктілерді ортақ іске жұмылдыру аса маңызды. Сондықтан мен ұйымымызға мүше елдердің өкілдерін биыл Астанада өтетін Еріктілер форумына шақырамын", - деді Мемлекет басшысы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова