Түркияның беделді діни қайраткері Фетхуллах Гүлен өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қоғам қайраткері Пенсильвания штатындағы ауруханада, 83 жасында қайтыс болды. Түркияда оған 2016 жылы әскери төңкеріс ұйымдастырды деген айып тағылған еді.
Оның өмірден өткені туралы Гүленнің «Хизмет» қозғалысы әлеуметтік желілердегі парақшаларында мәлім етті. Түрік діни лидерінің баспасөз хатшысы соңғы кездері Гүленнің денсаулығы сыр бергенін мәлімдеді. Оның қант диабеті және деменция дертіне шалдыққаны айтылды.
Фетхулла Гүлен – түріктің қоғам және діни қайраткері, жазушы, ақын, дін уағызшысы. 1999 жылы АҚШ-қа қоныс аударған қайраткер кезінде Ердоғанның одақтасы болған. Ердоған мен оның діни консервативтік Әділет және даму партиясының 2002 жылы билікке келуіне көмектескен. Алайда одақтастар көп ұзамай билікті бөлісу дауына байланысты араздасып қалған болатын. Сол жылы мамыр айында Гүлен қозғалысы Түркияда террористік ұйым болып жарияланды. Ол мемлекеттің зайырлы сипатын өзгерту үшін төңкеріс жасамақ болды деген айыппен қуғындалған еді. Алайда бұл айып дәлелденбеді.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының ұстанымы бойынша, гүленшілер жамағаты Саид Нұрси идеяларын басшылыққа алады. «Хизмет» қозғалысы әлемнің 140-тан аса елінде мектеп ашқан.
Бұған дейін Түркия президенті Режеп Ердоған еліміздегі қазақ-түрік лицейін тікелей Гүленмен байланыстырған еді. Басшы бұл білім ордалары дін уағызшысының ілімін оқытып жатыр деп мәлімдеген болатын. Сол тұста мектептерге тексеріс жүргізілді. Қазіргі таңда қазақ-түрік лицейлерінің атауы "Білім-инновация лицейі" деп өзгертілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!