- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Туризм түбіне жетті"....
"Туризм түбіне жетті". Асыдан 30 тоннаға жуық қоқыс жиналды
Әлеуметтік желіде Асы үстіртіне барған ресейлік туристің видеосы тараған еді. Даулы видеодан кейін бұл жерден 28 тонна қоқыс жиналған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысы әкімдігі мәліметінше, 11-13 тамыз аралығында, яғни демалыс күндері ауқымды тур ұйымдастырылған.
"Туристерден қалған қалдық-қоқыстарды тазарту мақсатында 15 тамызда Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі "Іле-Алатау" МҰТП өкілдерімен бірлесе отырып, 43 адамнан және 4 техникадан тұратын құраммен сенбілік өткізді. Нәтижесінде 28 тонна қоқыс шығарылып, ластанған барлық аумақ тазаланды", - делінген ведомство хабарламасында.
@mokkuoshka Это относится не только к @k.k.tour , это относится ко всем гигантам турфирм Казахстана. Плато Ассы - жемчужина вашей страны, но какой толк в ваших турах, если вы держите эти места как свинарник? Хоть бы ездили убираться в будни, общими усилиями поставили несколько туалетов??! Вы возите огромное количество людей, в выходные там по 1000-1500 человек собираются, неужеои нельзя собраться и решить эти вопросы? И как можно так относиться к своим работникам, одного гида поставить на 75-100 человек? В погоду, которую за неделю предсказали как опасную для нахлждения в горах. При ЧС эти студенты спрятались по норкам, не желая решать вопрос, и я их отлично понимаю. #платоассызвездопад #туристическийказахстан #казахстан ♬ original sound - Lauren McKay
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Асы үстіртіне барған ресейлік туристің видеосы тарағаны, онда турист қоқыс шашылып жатқан жерлерге, турды ұйымдастырушыларға шағымданғаны хабарланған еді.
Оның сөзінше, турды ұйымдастырушылар 250 адамға 4 гид қойған. Турист 1000 адамға 1 дәретхана екенін де айтқан. Тіпті ол ұйымдастырушылар төтенше жағдайға дайын емес екенін жеткізген еді.
Әлеуметтік желідегілердің басым көпшілігі де табиғаттағы нысандардың жағдайы нашар екенін жазды.
"Оларға тек ақша маңызды", "Қандай ұят?", "Біз жақында болдық, көру өте ауыр болды. Табиғатты тамашалауға барып едім", "Өте өкінішті", "Туризм түбіне жетті", - деген болатын олар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова