Туризм министрі жазда қайда демалады?

Туризм министрі жазда қайда демалады?
Фото: gov.kz

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл қайда демалатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шенеуніктің сөзінше, үш жарым жылдай уақыт демалысқа шықпаған. Ол жұмысқа байланысты жазда туристік науқан болатынын, қысқы кезеңде Олимпиада, Азия ойындары өтетінін айтты.

"Демалысқа шығып жатсам, өзіміздің керемет жерлеріміз бар. Көлдеріміз, тауларымыз, табиғатымыз бар. Ең бірінші туып-өскен ауылдан бастаймын деп ойлаймын. Үш жарым жылдай демалысқа шықпаған екенбіз", - деп жауап берді министр БАҚ өкілдерінің сауалына.

Айта кетейік, 9 маусымда өткен Үкімет отырысында жазғы туристік маусымға дайындық мәселелері қаралды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget