- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Туристерді жалған мұражай...
Туристерді жалған мұражай мен “тарихи орындарға“ апарған алаяқтар ұсталды
Қазақстандық туристер жиі баратын Түркияда алаяқ гидтер мен тур сатушылардың қулығы әшкере болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы шетелдік басылым жазды.
Каппадокияға тур сататын орталық пен гидтер туристердің ойдан шығарылған мекендерге апарып, кіру билеті үшін ақша алған. Жалған мұражай мен тарихи орындар туралы аңыз-әңгімелер де айтып берген.
Олар жылдар бойы туристерді ойдан шығарылған көрнекті орындарға апарып, "картада жоқ құпия тарихи орындарды" көрсетеміз деп уәде еткен. Алайда шын мәнінде оларды жерасты қаласының орнына лимон қоймасына, ал Рим театрдың қирандыларының орнына қараусыз қалған үйге апарған.
Түркия билігі алаяқтардың қулығы әшкере болған соң мәлімдеме жасады. Агенттіктер мен гидтер туристерді құрбан етіп, Түркияның имиджіне нұқсан келтіріп қана қоймай, елдің кірісін жоғалтуына себеп болғанын айтты. Осындай жолмен бизнес жүргізетін агенттіктерді анықтап, қажетті санкциялар салу керектігі айтылды. Алайда әзірге нақты қандай айыппұл салып, шара қолданатыны туралы ақпарат берілмеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева