Туристер толы автобус жол апатына ұшырады: қаза тапқандар бар

Туристер толы автобус жол апатына ұшырады: қаза тапқандар бар
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Биыл 13 шілдеде Түркияның Мугла провинциясында туристер толы автобус жол апатына ұшырады. Екі адам қаза тауып, тағы төрт адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аtpress.kz-ке сілтеме жасап. 

Sozcu газетінің мәліметінше, автобустың тежегіші істен шыққан, салдарынан өрден төмен қарай ылдилаған автобус үш көлікке соғылып, содан соң тоқтаған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, салонда 29 турист болған. Соғылып, мыжылған көліктердің бірінде төрт адам қысылып қалған, оларды өртсөндірушілер босатып алды", деп жазады басылым.

2024 жылғы маусымда Түркия билігі азаматтық авиация туралы заңға өзгерістер мен түзетулер енгізді. Енді оған сәйкес, әуежайларда жолаушыларды тексеру рәсімі күшейтілді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек