Ақмола облысындағы әйгілі көлден тұз бен сазды қазып әкеткен туристердің видеосынан кейін полиция тағы да Көбейтұзды бақылай бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде қызғылт көлдің жағасында түсірілген кадрлар пайда болды. Полиция демалушыларға көлден саз бен тұзды алуға, сондай-ақ, жағалауда қоқыс қалдыруға болмайтынын түсіндіріп жатыр.
Ерейментау қаласы маңындағы Көбейтұз көлі шетелдерде де танымал. Сирек балдырлардың арқасында көлдегі су қызғылт түске боялады. Бұл бірнеше жылда бір рет болады.
Еске салайық, бұған дейін де туристер Көбейтұздан қызғылт тұзды жаппай қазып әкетіп жатқаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!