Тұрғындардың өміріне қауіпті! Ақтауда Каспий теңізінің жағасында жартас құлап, адамдарды басып қала жаздады

Тұрғындардың өміріне қауіпті! Ақтауда Каспий теңізінің жағасында жартас құлап, адамдарды басып қала жаздады
Фото: Massaget.kz

Алайда, жардан құлаған тастар адам жүретін жолдың быт-шытын шығарған. Осыдан кейін теңіз жағасындағы жолды жабуға тура келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұны естіген тұрғындар бұған дейін де осындай оқиғалардың болғанын тіпті, бір жылда 4 рет жартас опырылып, тұрғындардың өміріне қауіп төндіргенін айтады. Соңғы оқиғаға жағалауда салынып жатқан құрылыс себеп болуы мүмкін деген де болжам айтылды.

Жағалаудағы жартас соқпақтары 2019-жылы пайдалануға берілді. Халықтың сүйікті демалыс орнына айналған жер. Сондықтан келуші өте көп.

Фото: Massaget.kz

Нысан - Ақтау қалалық әкімдігіне қарайды. Бірақ, оны абаттандыру және күтіп ұстау жұмыстарына жауапты мердігер болуы тиіс. Жергілікті билік конкурс жариялаған. Алайда, мердігер компания әлі анықталмапты.

"Мердігер мекеме анықталғаннан кейін, жартас соқпағы аумағы толықтай тексеріледі. Қауіпті жерлері анықталып, жаяу жүргіншілер жолы жөнделетін болады. Ал, мына құлаған аумақ қалпына келтіріледі", - дейді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Бақтияр Мақсатов.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АҚТАУ | АКТАУ ☀️ (@aqtau_live)

Сая Мәжитқызы

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақтың тұңғыш суретшісі кім?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz