Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы алдағы күндері Алматыда 70 пайызға жуық күшті жойқын жер сілкінісі күтілмейтінін, алайда айтарлықтай қауіп төндірмейтін қайталама дүмпулер болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Комиссияның шешімі негізінде қаланың Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар тұрғылықты жеріне оралуына болады деген ұйғарымға келген.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 5 балл жер сілкінісі болғаны хабарланды.
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Алматы әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісі бойынша жедел штаб жиналысын өткізді. Алматыда тағы да жер сілкінісінің афтершогы қайталану қаупі бары да хабарланды. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев мәлімдеді.
Сондай-ақ, жер сілкінісіне байланысты мектеп оқушылары мен студенттер сабақтан босатылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!