"Тұрғындар құлап өлсе, кім жауап береді?" Астанадағы әдемі, бірақ қорқынышты жер дау туғызды

Әлеуметтік желіде Астанадағы әдемі, бірақ қауіпті жердің видеосы тарап жатыр. Кадрларда судың ортасындағы көпірдің айналасы қоршалмағаны, ал тұрғындар емін-еркі жүргені көрінеді. Massaget.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінен бұл қандай жер екенін, неге аумақ қоршалмағанын сұрады.

Әлеуметтік желі қолданушылары көпір, расында да, қауіпті екенін жазып жатыр.

"Әдемі, бірақ қоршаусыз тұр ма?", "Қауіпсіздік ше?", "Миымда құлап кеттім", "Байқамай құлап кетсе ше?", "Қоршау қайда? Балалар құлап өлсе, кім жауап береді?" - деп жазды олар.

@tala_shin

😊

♬ I Love You - adi.

Қала әкімдігі мәліметінше, видеодағы жер - суды реттейтін бөгет. Учаскенің ұзындығы - 354 метр.

"Су реттегіш бөгет қаланың оң жағалауындағы Көктал тұрғын алабы аумағында орналасқан. Учаскенің ауданы - 11 9418 гектар, арнаның жалпы ұзындығы - 355 метр", - деп жазылған әкімдік жауабында.

Ал бөгетті салудағы негізгі мақсат жазғы және қысқы мезгілдерде қаланың орталық бөлігіндегі өзеннің су деңгейін реттеу екен. Сондай-ақ, бөгет өзеннің тасқын суларын өткізетіні айтылды.

"Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін техникалық өткел жабық. Бөгет бұл мақсатқа арналмағандықтан, жаяу жүргіншілерге арналған бөгет жасау жоспарда жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз