Тұрғындар басқа жаққа кетуге мәжбүр: Қарағанды облысында 60 үй жылусыз қалды

Тұрғындар басқа жаққа кетуге мәжбүр: Қарағанды облысында 60 үй жылусыз қалды
Фото: depositphotos.com

Қарағанды облысында 60 үй жылусыз қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан " телеарнасына сілтеме жасап. 

Оқиға кеше кешкісін болды. Ауыр жүк көлігі жылу желісін соғып кетіп, 60-қа жуық жер үй жылусыз қалды. Тұрғындар үйлерін тастап, басқа жаққа кетуге мәжбүр болған.

Қазір мамандар жылу желісін жөндеп, жаңа құбыр тартып жатыр. Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, жер үйлер орналасқан аумақты жекеменшік компания жылумен қамтамасыз етіп келген. Жағдай қала билігінің бақылауында.

Еске салайық, бұған дейін мұндай мәселемен Ақтау тұрғындары шағымданып еді. 

Ақтауда 16-шағынаудандағы 18-үйдің тұрғындары 15 қазанда жылыту маусымы басталғанына қарамастан, пәтерлеріне жылу жетпегенін айтып, шағымданды. Олардың сөзінше, ыстық су да жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек