Атырауда броконьерлікпен айналысқандарға 19,4 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жыл сайын 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында облыста "Бекіре-2024" республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Биыл 940-тан аса заңбұзушылық тіркелген.
Соның ішінде сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар балық түрлерін аулаған 71 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып, 19,4 миллион теңге айыппұл салынды.
"Акция аясында заңсыз айналымнан 11 тоннадан аса балық, оның арасында 2 тонна 229,5 келі бекіре, 8 келі 328 грамм бекіре балығының уылдырығы тәркіленді. Сондай-ақ, балық аулау құралдары, оның ішінде 44 су көлігі, жалпы ұзындығы 300 шақырымнан асатын 1416 заңсыз балық аулау құралы алынды", - деді "Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлыбек Гайсин.
Бұл шараға мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері, ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері, полиция департаментінің көліктік бақылау инспекциясы және резерват қызметкерлері қатысқан.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!