Алматы ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу барысында ер адамның оңай олжа іздеп, елордалық тұрғын үйлерді аралап, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан пәтерлерден, еркін кіру мүмкіндігі бар қоймаларда ұрлық жасаған.
Мәселен, таңғы уақытта Шәймерденов көшесіндегі тұрғын үйдің астындағы қосалқы үй-жайға еркін кіру арқылы жалпы құны 195 мың теңге болатын құрылысқа арналған құрал-саймандарды жымқырып кеткен. Қаскүнем ұрланған заттарды сатып үлгерген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, ер адамның қазіргі уақытта осыған ұқсас ұрлықтың 3 фактісіне қатысы бары анықталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!