- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тұрғын үйдегі жарылыс:...
Тұрғын үйдегі жарылыс: зардап шеккендер мен қаза тапқан адам туралы мәлімет жарияланды
Төтенше жағдайлар министрлігі Жаңаөзендегі тұрғын үйде шыққан жарылыста зардап шеккендер мен қаза тапқан адам туралы шұғыл мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта үйінділердің астынан: 2000 жылы туған зардап шеккен әйел және 1994 жылы туған қайтыс болған азаматтың денесі алынды.
Медициналық көмекке 12 адам жүгінді, оның ішінде 8 бала: 5 адам ауруханаға жатқызылды.
Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстар жалғасып жатыр, 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылды: құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция.
Маңғыстау облысының ТЖД жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды 8/7292/31-90-99.
Айта кетейік, оқиға 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала болжам бойынша газ жарылғаны хабарланды. Ал салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.
Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 11 адам зардап шеккені хабарланған болатын. Артынша зардап шеккендер саны өсті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина