Алматы қалалық соты "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешені күзетшісінің өліміне қатысты іс бойынша апелляциялық шағымды қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Марқұмның жұбайы Әсем Молдахунова жаза тым жеңіл деп санап, Алматы қалалық сотына шағымданған болатын. Бұл туралы жәбірленушінің адвокаты Арман Шәріпов мәлімдеген еді. Ал сотталушының адвокаты үкімді жеңілдетуді сұрады.
Сот не шешті?
Жәбірленушінің адвокаты Арман Шәріповтің айтуынша, апелляциялық алқа тараптардың дәлелдерін тыңдап, сотталушыға қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарған.
Бұған дейін не белгілі?
Еске салайық, оқиға 2024 жылы наурызда Алматыда болды. Ер адам күзетшіні көлікпен әдейі бірнеше рет қағып, басынан тепкені, салдарынан ол қаза тапқаны хабарланды.
Алматыда күзетшіні аяусыз өлтірген адамды прокурор 24 жылға соттауды сұрады. Сот оны 22 жылға бас бостандығынан айырды.
БАҚ-та күдіктінің әкесі бұрынғы депутат екені айтылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова