Конституция күніне орай Жамбыл облысының тұрғындары бағалы сыйлыққа ие болды – оларға пәтер кілті табысталды. Жаңа қоныстанушыларды облыс әкімі Бекболат Орынбеков пен “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” облыстық филиалының директоры құттықтады.
– Бес қабатты үйді мердігер мерзімінен бұрын берді. Барлық пәтер таза өңделген және салымшыларға 1 шаршы метріне 116 000 теңге бағада ұсынылады. Объектінің жанында интеллектуалдық мектеп, базар, спорттық кешен бар. Жаңа қоныстанушыларымызға бұл жер барынша ыңғайлы болады деген үміттеміз”, – дейді ТҮҚЖБ Жамбыл облыстық филиалының директоры салымшыларға.Бұдан өзге аймақта 6 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталмақ. Объектілер “Нұрлы жол” бағдарламасының аясында тұрғызылып жатыр. Келесі жылдан бастап жаңа пәтерлердің 1 шаршы метрі 116 мың теңгеге беріледі.