Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық - экономикадағы ірі саланың бірі

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық - экономикадағы ірі саланың бірі
Фото: depositphotos.com / Bezbod

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық - кез келген елдің экономикасы мен әлеуметтік саласының ірі салаларының бірі. Ол экономикалық қатынастардың дамуына және мемлекет халқының әлеуметтік әл-ауқатына айтарлықтай әсер етеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың негізгі әлеуметтік миссиясы халықты әр адамның өмірі мен қызметі үшін қажетті коммуналдық қызметтермен үздіксіз қамтамасыз етуді жүзеге асыру болып табылады.

Айта кету керек, экономиканың саласы ретінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өзінің ауқымымен таң қалдырады.

Сарапшы Айдар Мақсұтовтың сөзінше, 1993 жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын мемлекет субсидиялар бөлу арқылы қаржыландырған.

"1996 жылы  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жүйелі реформалар басталды, бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын субсидиялау қағидатынан бас тартуға және тұрғын үй қатынастарының сапалы жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын одан әрі дамыту және жаңғырту мәселелері ел дамуының осы кезеңінде де өзекті болып табылады", - дейді сарапшы.

Айдар Мақсұтовтың сөзінше, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын екі негізгі өзара байланысты элементтермен ұсынылған:

"Біріншіден, сумен, газбен, жылумен, электрмен жабдықтауды және су бұруды, жалпы пайдаланылатын объектілерді және елді мекендердің аумақтарын абаттандыруды және күтіп-ұстауды қамтамасыз ететін жүйелерді, сондай-ақ арнайы мақсаттағы объектілер мен аумақтарды қамтитын коммуналдық сектор. Екіншіден, көппәтерлі тұрғын үйлер мен жеке үй құрылыстарын қамтитын және коммуналдық қызметтердің негізгі тұтынушысы болып табылатын тұрғын үй секторы. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту бойынша шаралар қабылдау оның жұмыс істеу жүйесін жетілдіруге, ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына инвестициялар тарту тетігін іске асыруға мүмкіндік береді",  - дейді маман.

Сарапшы Қазақстанда жалпы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша жағдай өте жоғары қарқынмен өтуде деп айтуға болатынын айтады.

"Жоғарыда айтылғандай, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту тұтастай алғанда өңірдің дамуының көрсеткіші болып табылады, сондықтан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын енгізу мемлекет қызметінің осы саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға прогрессивті қадам болып саналады", - дейді маман.

Айдар Мақсұтов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында кез келген басқа саладағыдай, бәсекелестік дамуы керегін жеткізді.

"Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық деп қызметтердің кең спектрін ұсынатын және инженерлік желілерді, жабдықтарды, ғимараттарды, құрылыстарды және т.б. қамтитын көп салалы кешен аталады. Бұл халықтың денсаулығы, қауіпсіздігі, әлеуметтік әл-ауқаты ғана емес, сонымен қатар, экономиканың сәтті дамуы, мемлекеттің қалыпты өмірі тікелей толыққанды жұмыс істеуіне байланысты сала. Сондықтан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы Қазақстанда, әлемнің көптеген елдеріндегідей, дәстүрлі түрде мемлекеттің жауапкершілік арқалатын саласы", - дейді маман.

Сарапшы қазіргі кезеңде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша мемлекеттің негізгі міндеттері қандай екенін түсіндірді.

"Осылайша, қазіргі кезеңде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі мемлекеттің негізгі міндеттері нарықтық қағидаттарда саланың жұмыс істеуі үшін құқықтық және институционалдық база құратын нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттаманы жетілдіру болуы тиіс деп қорытынды жасауға болады.

Бұл ретте салада барлық тартылған тараптардың: мемлекеттің, өнім берушілер мен тұтынушылардың мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ететін ашық, өзін-өзі реттейтін жүйе құрылуға тиіс. Бұл міндеттерді орындау құралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік реттеу шараларын жетілдіру болып табылады", - дейді маман.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz