- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- «Тұран» түркі халықтарының...
«Тұран» түркі халықтарының дүниежүзілік құрылтайы Мажарстанда өтіп жатыр
«Тұран» құрылтайы – түркі жұртын біріктіріп, мәдени-гуманитарлық байланыс орнатуға мүмкіндік беретін маңыздылығы жоғары шара.
Халықаралық деңгейдегі құрылтай дәстүрлі түрде екі жылда бір рет ұйымдастырылады. Бұл шараға Еуропа елдерінен 300 мыңнан астам турист келеді екен.
Биылғы жиын ерекше басталды. Құрылтайға қатысушылар Мажарстан астанасындағы Абай Құнанбаевтың ескерткішіне барып, қазақтың бас ақынының туған күніне орай Абайға құрмет білдіріп, гүл шоқтарын қойды.
Құрылтай барысында Мажарстандағы «Мадияр Тұран» қорының жетекшісі, мажарлық антрополог Андраш Биро дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл құрылтайдың тарихын, маңыздылығын айтып өтті. Сонымен қатар, құрылтайдың өткізіліп келе жатқанына биыл 10 жыл толғанын да сөз етіп, осы құрылтайды өткізуге Қазақстанның да қосқан үлесі көп екенін түртіп өтті.
Жиында түркі халықтарының басын біріктіру, ынтымақтастықта болу мәселесі алға қойылып, құрылтайдың болашағына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.
А. Қажиев