- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тұрагелдиевтің әкесі премьер-министрдің...
Тұрагелдиевтің әкесі премьер-министрдің кеңсесіндегі қызметінен кететін болды
Астананың сауда және ойын-сауық кешендерінің бірінің кинотеатрында сатушы қызды тепкен Қуаныш Тұрагелдиевтің әкесі Қазақстан премьер-министрінің кеңсесінің қызметкері Болат Тұрагелдиев қызметінен кету туралы арыз берді. Бұл туралы Қуаныш Тұрагелдиевтің адвокаты Асқар Үсенбаев хабарлады.
Ол Қуаныш Тұрагелдиевтің өз ісіне өкінетінін және кешірім сұрайтынын мәлімдеді.
"Қуаныш Тұрагелдиев бұл қылмыстық істе менің қорғауымда. Оқиға "Сарыарқа" сауда орталығындағы кинотеатрда болды. Қуаныш өз ісін сөгеді, ісіне өкінеді, бұл құқықбұзушылықта өз кінәсін мойындады. Ол татуласуға дайын. Ол жәбірленушіден кешірім сұрайды. Қазіргі уақытта ол Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторында", - деді адвокат.
Еске салайық, осыған дейін Астана қалалық аймақтық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 14 қыркүйекте ІІД жедел басқарма орталығының 102 қызметінің пультіне 21 жастағы қыз хабар беріп, бейтаныс жігіттің елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі кинотеатрда шу шығарып, дене жарақатын салғанын мәлімдегені хабарланған еді. Айта кетейік, бұл оқиғаның видеосы 14 қыркүйекте таралған болатын. Кейін күдікті ұсталды.
Дереккөз: Tengrinews
Н. Нұрмаханұлы