Желіде танымал әнші Мәдина Сәдуақасованы тойда бөтен ер адамның бетінен сүйіп алған видеосы тарады. Видеода әнші ер адамның бұл қылығын жақтырмай қалғаны көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео әлеуметтік желіде тарады. Онда "әнші болу оңай емес" деп жазылған.
Өнер иесі бұл жағдай туралы Instagram-парақшасында пікір қалдырған.
"Қандай әдемі Мадикош, бірақ бетін тістеп алса, түрі жаман болып кетеді екен", - деп жазған ол.
Жанжал тудырған бұл видео туралы "НеМолчи" қорының басшысы, қоғам белсендісі Дина Таңсәрі де пікір білдірді.
"Бұл - харассмент, полицияға арыз жазып, бұл адамды жауапкершілікке тарту керек. Біз адамдарды басқалардың жеке шекарасын құрметтеуге үйретуіміз керек. Әйтпесе кез келген адам сүйіп, жалап, қолын тигізіп тұрса, біз күліп тұруымыз керек пе?" - деп жазған ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!