"Түр-әлпетіне қараймыз". Еркектер ұрығын тапсыру арқылы қанша ақша таба алады?

Елімізде ер-азаматтар ұрығын сата алады. Бірақ оның белгілі бір ережелері бар. Бұл туралы дәрігер, репродуктолог Аяулым Қосетова "Қыздар-ай" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, тек 18-35 жас аралығындағы ер-азаматтардың ұрығы ғана сатып алынады. 

"18-35 жас аралығындағы дені сау еркектерден алынады. Алдын- тексеріледі. ВИЧ, анализдер, одан өзге уролог мамандар тексереді. Егерде шәуатының көрсеткіші жақсы болған жағдайда ғана донор бола алады. Келген ер-азаматтар тек бір немесе екі рет қана тапсырады", - дейді дәрігер.

Маман донор болатындардың сыртқы келбеті ескерілетінін айтты.

"Сыртқы келбетіне міндетті түрде қараймыз. Өте әдемі болуы керек. Бойы, бет-әлпеті, дене бітімі, барлығына қараймыз. Өте қысқа бойлы, сырт келбеті сай келмейтіндерді донорлыққа алмаймыз. Донордың кішкентай кездегі ғана суреті болады. Ал бірақ анкетеда оның бойы, білімі, салмағы тіпті руына дейін жазылып тұрады. Жалпы, орталыққа келіп тапсырғаны үшін оған 35-40 мың теңге беріледі", - дейді маман.

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!