"Тұншықтырып өлтіріп, гаражға асып қойған". Қостанайда әйелін өлтірген экс-полицей сотталды

"Тұншықтырып өлтіріп, гаражға асып қойған". Қостанайда әйелін өлтірген экс-полицей сотталды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысында бұрынғы полиция қызметкері жұбайын өлтіргені үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық сотқа сілтеме жасап. 

Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының бұрынғы инспекторы жұбайын өлтірді деген айыппен сотқа тартылды.

Ерлі-зайыпты арасында жанжал шығып, ер адам әйелін электр ұзартқышпен қылқындырып өлтірді. Әрі қарай, жасалған қылмысты жасыру үшін ол мәйітті гаражға апарып, онда ол өзіне қол жұмсағандай етіп көрсетуге тырысады. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жәбірленушінің өлімі мойынның қысылуына байланысты механикалық асфиксия нәтижесінде болды.

Сотталушы жасаған ісіне кінәсін мойындап, өкінішін білдірді.

Сот сотталушыны жұбайын өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталған "полиция аға лейтенанты" арнайы шеніненн айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget